Нығметов Қамидолла
Нығметов
Қамидолла

История солдата

Нығметов Қамидолла Қасенұлы 1924 жылы 20-қаңтарда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Саржал ауылында дүниеге келген. Павлодар қаласындағы школ-интернатта орыс тілінде оқып, дәріс алды. Мектеп бітіргеннен кейін құрылыс курсын аяқтады. Еңбек етіп жүріп, 1942 жылы Баянауыл военкоматының шақыруы бойынша Ұлы Отан соғысына аттанды. Неміс-фашист шапқыншыларынан Украина елін азат етуде 88-атқыштар және 85-атқыштар полкында өз борышын атқарады. 
Ұлы Отан соғысындағы борышын адал атқарған үшін медальдармен марапатталды.

1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталса да, әскери міндеттін жалғастырды. 1949 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумінің Үкімі және шешімі бойынша әскери міндеттінен босап, елге аман-есен оралып, Екібастұз ауданы, Екібастұз кең шарында өмірінің соңына дейін құрылыс мастері болып қызмет атқарады. Адал еңбегі еш кеткен жоқ. Партия қатарына өтті. Бірнеше рет партия конференцияларының делегаты болып сайланады. 1957 жылы СССР Жоғары Кеңесі Президиумының Үкімі бойынша «За освоение целинных земель» медалімен марапатталады.

Отбасын құрып, адал жар, аяулы әке болды. 4 бала тәрбиелеп өсірді . Қызы Рымгүл Екібастұз қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №2 қазақ орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда.

1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталса да, әскери міндеттін жалғастырды. 1949 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумінің Үкімі және шешімі бойынша әскери міндетінен босап, елге аман-есен оралып, Екібастұз ауданы, Екібастұз кең шарында өмірінің соңына дейін құрылыс мастері болып қызмет атқарады. Адал еңбегі еш кеткен жоқ. Партия қатарына өтті. Бірнеше рет партия конференцияларының делегаты болып сайланады. 1957 жылы СССР Жоғары Кеңесі Президиумының Үкімі бойынша «За освоение целинных земель» медалімен марапатталады.

Отбасын құрып, адал жар, аяулы әке болды. 4 бала тәрбиелеп өсірді. Қызы Рымгүл Екібастұз қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №2 қазақ орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда.

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Экибастуз

Награды

Автор страницы солдата

История солдата внесена в регионы: