Абилдаев Кайдар
Абилдаев
Кайдар
рядовой

История солдата

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, халықтың тыныш өмірін бұзып, ел басына қаһарлы күн тудырған соғыс талайды ажал құштырғаны белгілі. Майданға аттанып, мүгедек болып елге оралғандар да жетерлік. Отанын жаудан қорғаймын деп жүріп сондай жағдайға тап болғандардың бірі жерлесіміз Хайдар Абилдаев болатын. Ол 1909 жылы 23 тамызда қазіргі Тереңөзек кентінде дүниеге келіп, жастайынан балық шаруашылығымен айналысып, аймаққа сыйлы кісі болған. Өз ортасында абыройлы болған Хайдар атамыз 1939 жылы Отан алдындағы борышын өтемекке әскерге аттанады. "Атты әскерде" болып, қиын-қыстау заманда елін қорғайды. 1942 жылы соғысқа аттанып, сонау сұрапыл майдан жылдарындағы, жантүршігерлік жауыздықтарды көзімен көрген. Молотов қаласында жауға қарсы жан аямай шайқасқа түскен ол снарядтың астында қалып, басынан және оң қолынан жарақат алады. Соғысты әрі қарай жалғастыруға денсаулығы жарамаған Хайдар Әбілдаұлы 1943 жылы І топтағы мүгедек болып елге оралды. Отанға келген оған майданда жан аямай шайқасқаны үшін медаль табысталады. Денсаулығы айтарлықтай жақсы болмаса да өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға үлес қосады. Көзі тірісінде 2 ұл, бес қызды тәрбиелеп өсірген Хайдар атамыз 1985 жылы 13 наурыз күні жетпіс алты жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание рядовой
Населенный пункт: Кызылорда

Боевой путь

Өз ортасында абыройлы болған Хайдар атамыз 1939 жылы Отан алдындағы борышын өтемекке әскерге аттанады. "Атты әскерде" болып, қиын-қыстау заманда елін қорғайды. 1942 жылы соғысқа аттанып, сонау сұрапыл майдан жылдарындағы, жантүршігерлік жауыздықтарды көзімен көрген. Молотов қаласында жауға қарсы жан аямай шайқасқа түскен ол снарядтың астында қалып, басынан және оң қолынан жарақат алады. Соғысты әрі қарай жалғастыруға денсаулығы жарамаған Хайдар Әбілдаұлы 1943 жылы І топтағы мүгедек болып елге оралды.

Воспоминания

Внучка

Атам өте қарапайым кісі болатын. Мен атамның қызы болдым. Өте ақкөңіл адам еді. Әкемізді көке деп, атамызды папа дейтінбіз. Кішкентайымда арқасына салып, Сарытөбеге (құмның төбесіне) бауырым екеумізді апарып ойнататын. Бос уақытында өзімнен кейінгі бауырларымды бесікке салып тербететін. Атам аңшы болды. Тазы иті болушы еді. Анда-санда аңға шығатын.

Награды

Медаль

Медаль

Медаль

Медаль

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: