НОВОСТИ ДВИЖЕНИЯ Аксу

Павлодар облысы «Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Жамбыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020г. (ВИДЕО)

Павлодар облысы «Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Жамбыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020г. (ВИДЕО)

Павлодар облысы «Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Жамбыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020г. МӘҢГІЛІК ПОЛК- БЕССМЕРТНЫЙ ПОЛК Ер есімі – ел есінде Батыста соғыс бұрқ еткенде, қазіргі Мәмәйіт Омаров ауылынан (бұрынғы Қазалы, Грязновка) ондаған өрімтал жастар ел қорғауға аттанды. Өрімтал жастарын соғысқа аттандырған ауыл қаралы еді. Апта сайын келіп жататын «қара қағаз» хабары қаншама үйдің шаңырағын шайқалтып, аңыратып кетті. Олар соғыстан оралмады. Көпшілігінің артында ұрпақ та қалмады. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп күндіз-түні жан аямай еңбек еткен ауылдың еңбектенген баласынан еңкейген қариясына дейін үміттерін көз жасына суарып, қаншама жыл боздақтарын күтті. Қанша бала жетім, қанша әйел жесір қалды десеңізші?! Мәмәйіт Омаров ауылынан Ұлы Отан соғысына 160-қа жуық ер-азаматтар аттанып, олардың 90-ға жуығы хабарсыз кетті. Соғыстан аман-есен оралған аталарымыз ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп, ел өмірінде өшпестей із қалдырды. Ел қорғауға аттанған ер-азаматтарға арнап ауыл орталығында «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды» атты ескерткіш орнатылып, оған хабарсыз кеткен жауынгер аталарымыздың есімдері жазылды. Мектеп мұражайында «Ер есімі – ел есінде» атты құрмет қабырғасы бар. Мұражайда майдангерлердің мектепте оқыған және соғыстан кейінгі суреттері, оқу үлгерім табельдері, медаль мен ордендері, сонымен қатар көптеген маңызды мәліметтер сақталынған. Ағаларымыз туған елінің болашағы, кейінгі ұрпақтың бағы үшін оққа ұшып, өмірден озды. 75 жыл өтсе де, туған ел оларды ұмытпайды. «Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ» деп тегін айтылмаған.

Памятная дата